Жанқош Тұраров WBO белбеуін иемденді

Айбар Рысдәулет Корреспондент

Жекпе-жек 3 раундқа жалғасып, отандасымыздың жеңісімен аяқталды. Осылайша, Жанқош Тұраров бірінші жартылай орта салмақта WBO тұжырымы бойынша Intercontinential чемпионы атанды.

Естеріңізге сала кетейік, кәсіпқой бокста 2 жылға жуық жекпе-жек өткізбеген Жанқош Тұраров маусым айында шаршы алаңға  жеңіспен оралған болатын. Кардиффте ганалық боксшы Ричмонд Джарбенгпен жұдырықтасып, қарсыласын техникалық нокаутпен ұтты. 

Сондай-ақ бұл кеште өзге қазақстандық боксшылар шаршы алаңға шықты. Атап айтқанда Сұлтан Зәуірбек  Грузиядан келген Георгий Гачечеладзені жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңсе, Әли Балоев бразилиялық Хэмилтон Вентураны алтын раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен ұтты.

Ал "Қазақ королі" деген лақап атпен танымал Виктор Коточигов мексикалық Хайро Лопестен басым болып, жеңіл салмақта бос болған WBC International белбеуін иемденді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама