Жәнібек Әлімханұлының қос титул үшін жекпе-жектегі гонорары белгілі болды
Жаңазеландиялық Андрей Михайловичке (21-0, 15 КО) қарсы жекпе-жек Лас-Вегаста (АҚШ) өтеді. Жекпе-жектің жеңімпазы IBF және WBO әлем титулдарының иегері атанады.
"Орта салмақта WBO және IBF титулдарын қорғайтын Жәнібек Әлімханұлы кепілдендірілген 350 мың доллар алады. Орта салмақтағы WBO және IBF титулдарына қарсылас әрі үміткер Андрей Михайлович жекпе-жектен 200 мың доллар көлемінде кепілдендірілген үлес алады", - деп хабарлады Sporty Salaries.
Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович арасындағы жекпе-жек 14 шілдеде өтеді. Матчт Қазақстан уақыты бойынша 06:00-де басталады деп жоспарланған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!