Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы ресми түрде жарияланды
Top Rank промоутерлік компаниясы мәлімдегендей, отандасымыз француз боксшысы (тегі - конголық) Анауэль Нгамиссенгемен (14-0, 9 КО) жұдырықтасады. Бұл жекпе-жекте орта салмақтағы IBF және WBO чемпиондық атағын қорғайды.
Жәнібек кәсіпқой бокстағы алғашқы екі жекпе-жегін Қазақстанда өткізді. Одан кейінгі жекпе-жектері АҚШ-та өтті. Соңғы кездесуінде ғана Аустралияда жұдырықтасты.
Боксшы Анауэль Нгамиссенге Конгода дүниеге келген. Алғаш рет 12 раундтық жекпе-жекке шығады. Ал Жәнібек биыл күзге дейін үш бірдей чемпиондық атақтың басын біріктіргісі келеді.