Жәнібек Әлімханұлы салмақ ауыстыра ма? Боксшы мәлімдеме жасады
WBO және IBF чемпиондық атағына ие Жәнібек орта салмақта қалады.
Қолдауларыңызға рақмет! Қазір мен жақсымын. Маған қайта қалпыма келу үшін бірнеше апта керек, сосын ораламын! Ең маңызды жаңалық: орта салмақта менің әлі бітпеген ісім бар," - деп жазды боксшы.
WBO 10 күн ішінде боксшының денсаулығына қатысты құжаттар мен қашан шаршы алаңға шыға алатыны туралы ресми ақпаратты күтеді. Егер талаптар орындалмаған жағдайда чемпиондық атағынан айыруы да мүмкін.
Айта кетейік, Жәнібек 14 шілде күні жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен жұдырықтасуы керек болған. Алайда салмақ өлшеу алдында есінен танып, жекпе-жекке шыға алмай қалды.