Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын 9-раундта нокаутқа түсірді

О Сансызбай Корреспондент

Жекпе-жек 9-раундта аяқталды. Жәнібектің сериялық жойқын соққыларынан кейін Андрей ес жия алмады.

Оған дейін де боксшылар шебер жұдырықтасты. Аустралиялық боксшы жекпе-жекке тыңғылықты дайындалғаны байқалды. 

Жәнібек қорғаныста мығым, шабуылда ширақтық танытты. Мықтылығын мойындатып, шеберлігін тағы бір рет көрсетті.

Осылайша, отандасымыз орта салмақта IBF және WBO чемпиондық атағын сәтті қорғап шықты.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама