Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жекке қашан шығатыны белгілі болды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Top Rank

Worldboxingnews ақпараты бойынша отандасымыз 19 қазан күні шаршы алаңға шығады. Бокс кеші Орландодағы (АҚШ) Caribe Royale Resort аренасында өтеді. Міндетті қарсылас болып бекітілген жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) жұдырықтасады. 

Әлімханұлы мен Михайлович кездесуі бокс кешіндегі екінші маңызды жекпе-жек болады. Басты шайқаста Тим Цзю мен Бахрам Муртазалиев жұдырықтасады. 

Бастапқыда Жәнібек пен Андрей жекпе-жегі Лас-Вегаста өтеді деп жоспарланған еді. Алайда отандасымыз салмақ қуу кезінде есін жоғалтып, ауруханаға түсіп, шайқас кейінге қалдырылған болатын. 

Айта кетейік, қазір қазақстандық боксшы оқу-жаттығуын елімізде өткізіп жатыр. Оған ұлттық құраманың экс-бапкері Мырзағали Айтжанов көмектесуде.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама