Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті
Орта салмақ дәрежесіндегі спортшылардың айқасы 8 раундқа есептелген. Бүгін спортшылар жекпе-жек алдында ұйымдастырылатын салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Жәнібектің салмағы 162 фунт болса, қарсыласының салмағы 160,4 фунтты көрсетті. Спортшылардың салмақ өлшеу рәсімін Жәнібектің командасы Instagram желісіне салды.
Қарсыластың мысын басу деген осындай болады????
Публикация от Berik SULTAN (@beriksultan)1 Фев 2019 в 5:45 PST
Ал Жәнібек өз парақшасына «Жексенбіде ту желбіресін» деп кездесу қарсаңында жазба қалдырды.
ЖӘНІБЕК ХАН - Қазақ хандығының негізін қалаған ханның бірі. Еңселі ел болу жолындағы Керей мен Жәнібектің еңбегі тарихта алтын әріппен жазулы. Ұлт үшін өлшеусіз еңбек етті. Бізге де азан шақырып Хан есімі қойылған соң, әлсіз болуға құқығымыз жоқ. Бабалардай ұлы іс атқара алмасақ та, туды құлатпай, намысты бермей жеңіспен елді қуанту негізгі міндетім деп есептеймін. Тақымқысар ағайынға мың алғыс. Мұхиттың арғы бетінде жанкүйерліктеріңізді сезініп жүрмін. Бесінші жекпе-жекке де аз күн қалды. Жексенбіде Америкалықтарға ҚАЗАҚ БОКС СТИЛІН көрсетеміз, бұйыртса. Жеңісте жүздесейік. Ту желбіресін! #ҚазақХандығы #қазақ #КерейменЖәнібек #Жәнібек #қазақбоксстилі ????@4mikeywilliams @trboxing @klimasmanagement
Публикация от JANIBEK ALIMKHANULY (@janibek_alimkhanuly)30 Янв 2019 в 9:22 PST
Еске сала кетейік, кездесуді 3 ақпан күні Астана уақытымен сағат 07:30-да «Qazsport» арнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.