Жәнібек Әлімханұлы есінен танып құлаған: боксшының қос титул үшін жекпе-жегі өтпейтін болды

Мира Лұқпан Корреспондент
Фото ©️ instagram.com/janibek_alimkhanuly

Дереккөздің хабарлауынша, Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович арасындағы жекпе-жек ертең кешке өтпейтін болды, өйткені қазақстандық боксшы бейсенбі күні салмақ өлшеу кезінде есін жоғалтып, салдарынан ауруханаға жатқызылды.

Еске салайық, жекпе-жек Астана уақытымен 14 шілде күні таңертең Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) Palms Casino Resort кешенінде өтуге тиіс еді. IBF және WBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) өз белбеуін IBF нұсқасы бойынша міндетті қарсыласы жаңазеландиялық Андрей Михайловичке (21-0-0, 13 КО) қарсы жекпе-жек өткізіп, қорғауы керек еді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама