Жәнібек Әлімханұлы Астанада бразилиялық боксшымен жұдырықтасады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ olympic.kz

Жәнібек кәсіпқой бокс шаршы алаңына осымен екінші рет шықпақ. Ал оның қарсыласы Жезус болса 23 кездесу өткізген. Оның 18-де жеңіске жетсе, (15 нокаут) 5 кездесуінде жеңілген. 

Кармелито де Жезус өзінің соңғы кездесуін бос тұрған IBF Inter-Continental белбеуін үшін өткізіп, төрешілердің шешімімен италиялық Орландо Фьердиджилиоға есе жіберген. 

Жәнібек Әлімханұлы бокстан спорт шебері. Рио-де-Жанейро қаласында өткен жазғы Олимпиада ойындарының ширек финалына дейін шықты. Сонымен қатар Азия чемпионы деген атағы да бар. Кәсіпқой бокста бір кездесу өткізіп, колумбиялық Милтон Нуньестен үстем түскен. 

Айта кетейік, бұған дейін бұл бокс кешінде жұдықтасатын бірнеше қазақстандық боксшылардың қарсыластары белгілі болған еді. Тарқатып айтсақ, Руслан Мырсатаев Майк Бологунмен кездеседі. Мейірім Нұрсұлтанов Исмаэль Буэномен, Димаш Ниязов Чарлес Мулиндвамен кездесетіні нақтыланды. Ал Жанқош Тұраров аргентинкалық Бруно Леонардо Ромэмен жұдырықтасады.

Еске салайық, Астанадағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Қанат "QAZAQ" Ислам (24-0, 19 КО) өз белбеулерін канадалық Брэндон Кукқа (18-0, 11 КО) қарсы өтетін жекпе-жекте қорғайды.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама