Жәнібек Әлімханұлы WBC рейтингінде үздік бес боксшы қатарына қосылды

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Фото ©️ facebook.com

72,6 килоға дейінгі салмақтағы рейтингте Жәнібек бір саты жоғарылаған. Өткен айда 6-орында болатын. Ал бұл салмақтағы WBC чемпиондық белбеуі америкалық Джермалл Чарло еншісінде.

Қазақстандық боксшы жаңарған рейтингтен кейін твиттерде Джермалл Чарлоға дайын бол деп жазба қалдырды.

WBC ranking #5 ✔
Be ready Charlo! — Janibek Alimkhanuly (@qazaqstyle) December 9, 2020

Жәнібек Әлімханұлы WBC-тен бөлек, WBA рейтингінде – 15-ші, IBF рейтингінде – 11-ші, ал WBO рейтингінде 3-орында тұр.

“Qazaq style” лақап атымен танылып жүрген отандасымыз орта салмақта WBO Global белбеуінің иегері. Қазанда рингке шығып, аргентиналық боксшы Гонсало Корионы екінші раундта нокаутпен жеңген еді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама