Жәнібек Әлімханұлы 17 тамызда жетінші жекпе-жегіне шығады
- Жекпе-жек уақыты белгілі болды. Қазақ стилін тағы бір көрсететін сәт туды. Қарсылас осы аптада анықталады. Жеңісте жүздесейік!, - деп жазды боксшы.
Публикация от JANIBEK | OFFICIAL PAGE (@janibek_alimkhanuly)15 Июл 2019 в 6:12 PDT
26 жастағы отандасымыз Лос-Анджелестегі Banc of California Stadium аренасында өтетін бокс кешінде бақ сынайды. Жекпе-жегі 10 раундқа жоспарланған. Ал қарсыласы осы аптада анықталады.
Бокс кешінің басты жекпе-жегінде екінші жеңілдеу салмақта WBO чемпионы мексикалық Эмануэль Наваррете (27-1, 23 КО) мен америкалық Франсиско де Вака (20-0, 6 КО) жұдырықтасады.
Жәнібек соңғы рет 12 сәуір күні жекпе-жек өткізді. Төрешілер шешімі бойынша мексикалық Кристиан Оливасты (16-5, 13 КО) жеңіп, WBC Continental Americas құрлықтық белбеуі мен екінші дәрежелі WBO Global атағына ие болған еді.