Жанат Жақиянов Еуразия чемпионы атанды

Нұржігіт Айдархан Корреспондент

Жанат пен Гаги арасындағы кездесу ұзаққа созылмады. Кездесудің бірінші раундында жойқын соққысымен қарсыласын жер жастандырған Жанат өзінің мықтылығын тағы да бір рет дәлелдеді. «Жеңілмейтін нокаутшы» атанған тбилисилік боксшының кездесуді жалғастыруға шамасы жетпеді.

Жанат ағымдағы жылдың сәуір айында Еуропа чемпионы атағы үшін француз боксшысы Гуерфимен жұдырықтасып, қарсыласын бесінші раундта нокаутқа жіберген болатын.

Жерлесіміздің ендігі қарсыласы австралиялық боксшы Фред Мундраби болады деп күтілуде. Екі боксшы Австралияның Мельбурн қаласындағы «Hisense Arena» аренасында жұдырық түйістіреді.

Австралиялық боксшы Фред Мундраби осы уақытқа дейін 18 жекпе-жек өткізіп, оның 15-інде (7 нокаут) жеңіске жеткен, 2 рет жеңіліс тауып, 1 кездесуді тең аяқтаған.

Естеріңізге сала кетейік, Жанат Жақиянов жеңіл салмақта кәсіпқой бокс шаршы алаңына 24 мәрте көтеріліп, оның 23-інде (16 нокаут) жеңіске жетіп, 1 рет ұтылған.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: boxingtv.ru

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама