Жанат Жақиянов WBA (Super) және IBO чемпиондық атақтарын жеңіп алды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vk.com

Жанат жекпе-жекті сәтсіз бастады. Бірінші раундта-ақ екі рет нокдаун алып қалды. Үшінші раундтан бастап жұдырықтасу мәнерін ауыстырып, қарсыласын қыспаққа ала бастады. Кездесу 12 раундқа созылды. Нәтижесінде төрешілер қазақстандық боксшыны жеңімпаз ретінде таныды.

Айта кетейік, Жанат Жақиянов жекпе-жекке WBA жүйесі бойынша уақытша чемпиондық атақпен шыққан еді. Кездесу қорытындысы бойынша отандасымыз 30 мың АҚШ долларын, ал америкалық боксшы бес есе көп сыйақы алады.

Жанат Жақиянов кәсіпқой бокста 28 жекпе-жек өткізген. 26 мәрте қарсыласынан басым түссе, біреуінде ғана есе жіберген. Отандасымыз бір жыл бойы жарақатына байланысты жекпе-жек өткізе алмаған болатын.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама