Жаңа ереже: Қарағандыда боксшы қыздар бас киімсіз жұдырықтасады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Тұрар Қазанғапов

Бұл жарыс қараша айында Иорданияда өтетін Азия чемпионатына іріктеу болып саналады.

Турнирде 19-40 жас аралығындағы спортшылар 12 салмақ дәрежесі бойынша: 48 келі, 50 келі, 52 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі, 63 келі, 66 келі, 70 келі, 75 келі, 81 келі, +81 келі салмақта күш сынасады.

2006 жылғы қатысушылар бас бапкердің рұқсатымен ғана жарысқа жіберіледі. Өтініштер 16 қыркүйекке дейін қабылданады.

Қазақстан бокс федерациясы аталмыш жарысты барынша ашық өткізу үшін тікелей көрсетілім, толыққанды ақпарат тарату және таза төрелік тұрғысынан қамтамасыз етеді.

Айта кетерлік жайт, Қарағандыдағы бәсекеде боксшылар арнайы бас киімсіз шаршы алаңға шығады. Бұл өзгеріс әйелдер боксында халықаралық аренада бұдан былай бас киім болмайтынымен байланысты. Соның ішінде жаңа ереже Азия чемпионатынан бастап енгізілмек.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама