Жәмила Бақбергенова екі дүркін Азия чемпионы атанды

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Фото ©️ olympic.kz

Ұлан-Батор боз кілемінде Жәмила 72 кило салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмеді. "Дөңгелек айналым" жүйесі бойынша өткен бәсекеде отандасымыз қарсыластарының бәрін жеңді. Атап айтқанда, ол Даваанасан Енхамар (Моңғолия), Светлана Окназарова (Өзбекстан), Никки Никки (Үндістан) мен Сумире Ниикура (Жапония) сынды мықты балуандардың жауырынын жерге тигізді. Нәтижесінде әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтынды салды. Жарыстың алғашқы күнінде оның сыңары Мадина Бақбергенова 68 кило салмақта топ жарған болатын. 

Күрес түрлерінен Азия чемпионаты Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда өтіп жатыр. Әйелдер күресінен кездесулер "дөңгелек айналым" жүйесі бойынша өтуде. Спортшылар өздерінің салмақ дәрежесінде барлық балуандармен әр айналымда белдесіп, жеңімпазды анықтайды. Жәмила аталған жүйе бойынша барлық қарсыласын бірдей жеңіп, уақытынан бұрын алтынға қол жеткізді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама