Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері атанды
Ол 72 келіге дейінгі салмақтың финалында жапон палуаны Ами Ишимен күш сынасып, аса тартысты белдесуде ұтылып қалды. Есеп: 6-10.
Бұл - 28 жастағы бозкілем шеберінің ересектер арасындағы әлем чемпионатындағы төртінші медалі. Жәмила - 2021 жылы Ослода, 2022 жылы Белградта күміс жүлдегер атанған. Ал былтыр Сербия астанасында үздік үштікті түйіндеген.
Айта кетейік, Бақбергенова кеше Тирана төрінде молдовалық, содан соң чех және моңғолиялық қарсыласпен күш сынасып, жеңіске жеткен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!