Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының алтыны үшін күреседі

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ UWW

72 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалда Жәмила моңғол қызы Болортунгалаг Зоригттен айласын асырды. Бірінші кезеңде 6:3 есебімен жеңіп шықса, белдесуді 8:6 есебімен аяқтады. 

Финалда Жәмила Бақбергенова жапон қызы Ами Ишимен белдеседі. Бұл белдесу ертең сағат 22:00-де басталады.

Айта кетейік, бүгін боз кілемге шыққан Зульфия Яхьярова (55 келі), Диана Каюмова (59 келі) мен Ирина Казюлина (65 келі) 1/8 финалдағы белдесулерінде жеңіліп қалды.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама