“Жақсы нәтиже көрсете алған жоқ“. Министр бокс федерациясын сынға алды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ gov.kz

Бокстан ұлттық құрама жетекшілері Олимпиада алдында 3 жүлде алатынын айтып, болжам жасаған. Бұл меже бағынбады. Қазақ боксшылары бір күміс жүлдемен ғана оралды. 

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы 7 салмақтың барлығында жолдама иеленді. Олар 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медальға қол жеткізуге уәде берген еді. Алайда жалғыз күміс жүлде иеленді. Екінші олимпиадада боксшылар бірде-бір алтын медаль ала алмады.

Қазақстандық бокс мектебі өзінің көшбасшы позициясының арқасында әлемдік спорт аренасында әрқашан танымал болған. Біздің боксшылар 1996 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Барлығы 61 спортшы қатысып, 22 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 7 алтын, 7 күміс және 8 қола жүлде бар. Бокстан ұлттық құрама Парижде жақсы нәтиже көрсете алған жоқ, - деді министр.

Айта кетейік, Париждегі Олимпиада ойындарында қазақ боксшылары арасында тек Нұрбек Оралбай (80 кило) ғана финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама