Жақиянов Белфастта Барнеттен жеңіліп, чемпиондық атағынан айырылды
SSE аренасында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде шаршы алаңға шыққан боксшылар 12 раунд бойы жұдырықтасты. Нәтижесінде төрешілер өз елінде жұдырықтасып жатқан Райан Барнетті жеңімпаз ретінде таныды. Есеп: 118-110, 119-109 и 116-112.
Жекпе-жекті Жанат ширақ бастаған. Төртінші раундтан бастап Райанның да басымдығы байқала бастады. Боксшылар жақын қашықтықта жұдырықтасып, соққы алмасумен болды. Қайсыбіріне басымдық беру оңай көрінбеді. Соңғы раундтар да тартысты өтіп, екеуі де жеңілгенін мойындаған жоқ. Дегенмен төрешілер шешімі бойынша шаршы алаң иесі жеңімпаз шықты.
Жанат Жақиянов пен Райан Барнетт чемпиондық атақтарын алғаш рет қорғады. Өкінішке орай, отандасымыз спорттық мансабында екінші рет жеңіліп, чемпиондық атағынан айырылды.
Айта кетейік, Жанат Жақиянов WBA (Super) нұсқасы бойынша чемпиондық атағын ақпан айында америкалық Роуши Уорренді жеңіп иеленген еді.