Иван Дычко да Олимпиадаға іріктеу турнирінде топ жарды
91 келіден жоғары салмақта бақ сынайтын Иван Дычко финалда өзбек боксшысы Баходир Джалоловты 3:0 (29:28, 30:27, 30:27) есебімен айқын жеңді.
Цяньаньдағы турнирде ең көп Олимпиада жолдамасын Қазақстан құрамасы жеңіп алды. Жеті жолдамаға ие болған отандастарымыз Рио Олимпиадасының ерлер арасындағы сынына толық құрамда қатысады. Ал қыздар арасында бір жолдама бар. Оны боксшы қыз Дариға Шакимова жеңіп алды.
Жүлделер саны бойынша Қазақстан құрамасы 3 алтын, 2 күміс, 2 қолаға ие болды.