Италияда "Ювентусқа" тең келер команда жоқ

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ life.ru

"Ювентус" "Серия А" ойындарының аяқталуына бір тур қалғанда чемпиондық атаққа қол жеткізді. Нәтижесінде 33-ші рет Италия чемпионатында чемпион атанып отыр.

Кеше өткен маңызды ойында "Ювентус" сапынан Марио Манджукич, Пауло Дибала мен Алекс Сандро гол соқты.

Айта кетейік, осыған дейін туриндік клуб Италия кубогын жеңіп алған болатын. 3 маусым күні Чемпиондар лигасының финалында "Реалды" жеңер болса, команда требл (ішкі чемпионат, кубок және Чемпиондар лигасы жеңімпазы) жасайтын болады.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама