Иса Ақбербаев Бразилияның танымал боксшысымен жұдырықтасады

О Сансызбай Корреспондент

Бірінші ауыр салмақта (90,7 келі) өнер көрсететін Иса Ақбербаев кәсіпқой бокста 15 кездесу өткізіп, барлығын жеңіспен аяқтады. Оның 11-інде мерзімінен бұрын жеңіске жеткен. Ал бразилиялық боксшы 27 рет шаршы алаңға шығып, оның 24-інде қарсыласын мерзімінен бұрын жеңген. Ал 4 жекпе-жекте жеңіліс тапқан. «Гаспар» деген лақап атпен жұдырықтасатын Хулио Сезар Дос Сантос 2008 жылдан бері кәсіпқой боксты серік етіп келеді. Бірінші ауыр салмақта Бразилия чемпионы және WBO latino уақытша чемпиондық белбеуін иеленген. Бірақ, соңғы жекпе-жектерін бразилиялық боксшы жеңіліспен аяқтаған екен.

Иса Ақбербаев пен Хулио Сезар дос Сантос арасындағы жекпе-жек 12 маусым күні Берлин қаласында өтеді.

Cурет:vk.com

Оқи отырыңыз

Иса Ақбербаев GBC чемпиондық белбеуін жеңіп алды

Роман Жайлауов жекпе-жек алдында жарақат алды

Әуесқой және кәсіпқой бокстың ережелері мен айырмашылықтары

Кәсіпқой бокста ел намысын кімдер қорғап жүр?

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама