Иса Ақбербаев GBC чемпиондық белбеуін жеңіп алды

О Сансызбай Корреспондент

40 жастағы аргентиналық боксшы 12 раунд түгіл екі раундқа да шыдай алмады. Төреші бірінші раундта-ақ есеп ашып, жеңіс Иса Ақбербаевтың пайдасына шешілді. Нәтижесінде бірінші ауыр салмақта (90,7 келі) өнер көрсететін отандасымыз GBC (Global Boxing Council) тұжырымының жаңа чемпионы атанды.

Германияның Гамбург қаласында өткен жекпе-жекті WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, WBC аталымының уақытша чемпионы белбеуінің иегері отандасымыз Геннадий Головкин арнайы келіп тамашалады. Иса мен Геннадий жақын достар.

Айта кетейік, Иса Ақбербаев кәсіпқой бокста 15 кездесу өткізіп, барлығын жеңіспен аяқтады. Оның 11-інде мерзімінен бұрын жеңіске жеткен. 

Сурет: vk.com

Оқи отырыңыз

Роман Жайлауов жекпе-жек алдында жарақат алды

Әуесқой және кәсіпқой бокстың ережелері мен айырмашылықтары

Кәсіпқой бокста ел намысын кімдер қорғап жүр?

Жан Косубуцкий кәсіпқой боксқа ауысты

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама