Иран әйелдер құрамасының төрт футболшысы еркек болып шықты
Иран әйелдер құрамасының төрт бірдей үздік ойыншысы болып табылатын олар шын мәнінде ерлер болған. Ислам діні елдеріндегі әртүрлі жыныстық шектеулерге қарамастан, ойыншылар тиісті отаны жасатып, жарыс жолына қатысқан.
Иран футбол федерациясының медициналық бөлімінің басшысы Ахмед Хашемианның мәлімдеуінше, жынысын ауыстырған футболшылардың әйелдер арасындағы жарыстарда бақ сынауына мүмкіндігі бар көрінеді. Ал ФИФА бұл іске байланысты алдағы уақытта өз үкімін шығармақ.
Естеріңізге сала кетсек, 2011 жылы Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Иранның әйелдер командасына Лондон Олимпиада ойындарының іріктеу жарысына қатысуға тыйым салған болатын. Оған ирандық футболшы әйелдердің хиджабпен алаңда өнер көрсетуі себеп болған еді.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: dailymail.co.uk