Иньеста «Барселонамен» келісімшартын созбақ

О Сансызбай Корреспондент

Испания ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы мен «Барселона» командасы арасындағы келісімшарт 2015 жылдың жазында аяқталады. Осыған дейін Иньеста командамен жаңа келісімге қол қоятыны жайлы хабарламаған болатын. Енді футболшы каталондықтармен тағы да 2 жылдық келісімге отырмақшы. Жалақы мөлшері жылына 12 миллион евроны құрамақ.

Естеріңізге сала кететін болсақ, бүгін ғана «Манчестер Юнайтед» қысқы трансферге дейін Андрес Иньеста командамен жаңа келісімшартқа отыратынын мәлімдемесе, өз саптарына шақыруға ниетті екендіктерін жеткізген болатын.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: newsbarca.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама