Илья Ильиннің жары – «Ниццаның» көшбасшысы
Жаңажылдық мерекеден соң «Алматы» гандбол командасының ойыншысы Францияға жол тартқан. Ол жақта Наталья Кулакова Францияның жоғарғы біріншілігінде өнер өнер көрсететін «Ницца» гандбол клубымен ресми түрде келісім-шарт жасасқан екен.
«Наталья - өте тәжірибелі ойыншы. Ол біздің команданы күшейтетініне сенімдімін. Біз бұл спортшының бір-екі ғана ойынын тамашаладық. Дегенмен соның өзі Кулаковамен келісім-шарт жасауға жеткілікті болды», - дейді «Ницца» командасының бас бапкері Себастьен Гардило.
Айта кетейік, Наталья жаңа командасында 13-нөмірмен өнер көрсетіп жүр. Қазақстан гандбол құрамасының ойыншысы Франция лигасында жеті ойын өткізіп, 21 гол салған.
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет:vesti.kz