28 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Талдықорған қаласындағы Жастар спорт кешенінде ауыр атлетикадан ерлер және әйелдер арасында ҚР жеке-командалық чемпионаты өтеді. Жарыста еліміздің маңдайалды ауыр атлеттері бақ сынайды. Қазақстан ауыр атлетика федерациясы хабарлағандай, биылғы ел додасына Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, әлемдік және құрлықтық біріншіліктердің жеңімпаздары қатысады. Олардың ішінде Нижат Рахимов, Жазира Жаппарқұл, Александр Зайчиков, Денис Уланов, Карина Горичева және басқалар бар. Сондай-ақ допингке байланысты жарыстардан шеттетілген Илья Ильин мен Зулфия Чиншанло спортқа оралады. - Аталмыш турнир осы жылдың ауыр атлетикадағы басты жарысы - Ашхабадта жалауы желбірейтін әлем чемпионатының негізгі іріктеу кезеңі болмақ. Талдықорған тақтайтұғырына ұлттық құрама команданың барлық мүшесі тегіс шығады. Әрине, олардың әрқайсысы әлем чемпионатына баруды көздейді, сондықтан спортшыларымыз өз бабының қандай екенін қарашада тексеретін болады. Талдықорғанда рекордтар көп бола қоймас деп ойлаймын, себебі Ашхабадқа дейін әлі үш жаттығу жиындары бар. Зілтеміршілеріміз сол жиындарда өз баптарына келуі тиіс, алайда Жетісу жеріндегі чемпионат қызықты өтеріне күмәнім жоқ, - дейді ҚР ҰҚК бас жаттықтырушысы Юрий Мельников ауыр атлетика федерациясының ресми сайтына берген сұхбатында. Ел чемпионатын QazSport телеарнасы көрсетеді. Қазақстандық жанкүйерлер еліміздегі ең танымал ауыр атлеттердің бәсекесін тікелей эфирде тамашалай алады. Жарыс бағдарламасы: 28.08.2018 ж. 1-лексалмақ өлшеу (9.00) Ерлер 55кгЕрлер 55 кг (басталуы 11.00) Ашылу салтанаты (14.00-15.00) 2-лек- салмақ өлшеу (13.00) Әйелдер 45,49кгӘйелдер 45,49 кг (басталуы 15.00) 29.08.2018 ж. 1- лек -салмақ өлшеу (9.00) Әйелдер 55,59кгӘйелдер 55,59 кг (басталуы 11.00) 2- лек- салмақ өлшеу (13.00) Ерлер 61кгЕрлер 61 кг (басталуы 15.00) 30.08.2018 ж. 1- лек- салмақ өлшеу (9.00) Ерлер 67кгЕрлер 67 кг (басталуы 11.00) 2- лек- салмақ өлшеу (13.00) Әйелдер 64,71кгӘйелдер 64,71 кг (басталуы 15.00) 31.08.2018 ж. 1- лек -салмақ өлшеу (9.00) Әйелдер 76, 81кгӘйелдер 76, 81 кг (басталуы 11.00) 2- лек -салмақ өлшеу (13.00) Ерлер 73кгЕрлер 73 кг (басталуы 15.00) 01.09.2018 ж. 1-лек- салмақ өлшеу (9.00) Ерлер 81, 89кгЕрлер 81, 89 кг (басталуы 11.00) 2- лек- салмақ өлшеу (13.00) Әйелдер 87, 87+ кгӘйелдер 87, 87+ кг (басталуы 15.00) 02.09.2018 ж. 1- лек- салмақ өлшеу (9.00) Ерлер 96, 102кгЕрлер 96, 102 кг (басталуы 11.00) 2- лек- салмақ өлшеу (13.00) Ерлер 109, 109+ кгЕрлер 109, 109+ кг (басталуы 15.00)