Илья Ильин Лондонда ағылшын тілін оқуды бастады

О Сансызбай Корреспондент

Сыр өңірінің саңлағы ағылшын тілін үйреніп жүргенін Алматыда өткен әлем чемпионатының баспасөз мәслихатында мәлімдеген болатын. Сонымен қатар, өзіне аздап демалыс жариялайтынын да айта кеткен еді.

- Өзіме біраз демалыс жариялаймын. Үйреніп жүрген ағылшын тілін Лондонға барып дамытып келу жоспарымда бар. Сосын барып Бразилия жерінде өтетін Олимпиадаға дайындығымды бастайтын боламын, - деген-ді Илья.

Жақында спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында бапкерлерінің бірімен суретке түсіп, «ағылшын тілін үйренуді бастадым» деп хабарлама қалдырған. Соңын #London и #Kaplan хэштегімен аяқтаған. Отандасымыздың Лондонға ат басын бұрғанын естіген жергілікті жанкүйерлер кездесу ұйымдастыруды да жоспарлап үлгерген көрінеді. Жақын күндері спортшы жанкүйерлерімен кездесу өткізуі ықтимал.

Естеріңізге сала кетсек, Илья Ильин жақында ғана LG компаниясының Қазақстандағы ресми тұлғасы атанып, маркетингтік белсенділік пен жарнамалық келісімшартқа қол қойып, серіктес атанған еді. 

Cурет: sports.kz

Оқи отырыңыз

Илья Ильин: Ағылшын тілін үйреніп жүрмін

Илья Ильин жаттығу жұмыстарын бастады

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама