Илья Ильин жұбайымен ажырасып кеткені жайлы айтты

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ @ Роза Есенқұлова, vesti.kz

- Біздің ажырасып кеткенімізге әлі бір жыл болған жоқ. Бірақ ажырасу туралы құжаттар жуырда ғана келді. 12 жыл бір-бірімізді танып, шаңырақ көтердік. Бір-бірімізді сүйдік. Қызымыз өсіп келеді. Бірақ барлық қиындықтар жиналған кезде шыдай алмадық, - дейді ауыр атлет. 

- Мен сияқты ауыр күйзеліске түсіп кеткен адамға шыдау қиын шығар. Бізде де бұған дейін барлық отбасындағыдай кикілжің болды. Ол кезде барлығын оңынан шешіп келдік. Дегенмен соңғы кезде шыдау мүмкін болмай кетті. Маған да, Наталияға да екі есе қиын болып кетті. Мен мұны жақсы түсінемін. Үлкен ұрыс болды. Содан соң ол үйіне кетіп қалды. Мұны көтере алмай, ажырасуды талап еттім. Бұл кезде көп эмоцияның болғанын білемін. Алайда қазір мұның барлығын істеу керек болғанын түсінемін. Әлі де өкпем бар. Біз қазір араласпаймыз. Әлеуметтік желілерде де бір-бірімізді бақылап отырмаймыз, - дейді Ильин. 

Сонымен қатар ол осы жағдайды ұмыту мен естен шығару үшін достарымен өтетін отырыстар мен жаттығуларға көбірек көңіл бөлгенін айтады.

- Жазда қиын болды. Швейцарияға заңгермен кездесуге барғанда мұның барлығы да басымда тұрды. Дегенмен қазір де күйзелісте жүрмін. Бірақ ол кезде жағдай қиын еді. Тіпті психиатрияға баруға жақын қалдым. Дұрыс сөйлей алмайтын жағдайға жеттім. Ал қазір барлығы қалыпқа келіп жатыр, - дейді Ильин. 

- Жүлде мен спорт отбасының қасында түкке тұрмайтын дүниелер. Мансабыңда бәрін қалпына келтіріп алуға болады. Сүйген адамның орнын толтыру мүмкін емес. Бұл өте жағымсыз жағдай. Әлі де ішім күйіп ауырады. Толық қалпыма келмедім, - дейді танымал спортшы. 

Илья Ильиннің толық сұқбатын мына сілтемеге өтіп оқуларыңызға болады. Онда ол спортқа қайта оралып, бәсекелерде бағын сынауға дайын екенін айтады. 

Айта кетейік, Илья Ильин қазақстандық гандболшы Наталья Кулаковаға 2012 жылы үйленген. Ол гандболдан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Азия біріншілі мен Азия ойындарының қола жүлдегері. Екі рет әлем біріншілігіне қатысқан. 

Еске салайық, Илья Ильиннің қанынан допинг табылып, екі Олимпиада жүлдесін кері қайтарған еді. Халықаралық ауыр  атлетика федерациясының таратқан мәліметі бойынша, Майя Манеза мен Зульфия Чиншанло екі жылға спорттан шеттетілсе, Светлана Подобедова жеті шылға шеттетілген еді. Бірақ Ильиннің спорттан қанша уақытқа шеттетілгені әзірге белгісіз.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама