Ильин мен Чиншанло Токио Олимпиадасына қатыса ала ма?

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vesti.kz

Еске салайық, Халықаралық ауыр атлетика федерациясының шешімі бойынша Зульфия спорттан екі жылға шеттетілген еді. Жаза мерзімі 2016 жылдың 26 мамырдан басталған-ды. Аяқталу мерзімі - 2018 жылдың 10 маусымы. Ал Ильиннің жағдайына байланысты нақты шешім әлі шығарылған жоқ. 

- Мен әлі күнге дейін Чиншанломен сөйлесіп тұрамын. Үнемі байланыстамын. Жаза туралы шешім шығарылғанға дейін біз Зульфиямен кездесіп, Токио Олимпиадасы туралы сөйлестік. Сол кезде ол егер Олимпиадаға қатысатын кішкентай мүмкіндік болса, сол мүмкіндікті пайдаланатынын айтты. Енді жаза мерзімі нақты белгілі болғаннан кейін ол спортқа қайта оралады. 

Илья Ильин туралы айтатын болсақ, оның жағдайы әлі белгісіз болып тұр. Егер Ильяда да мүмкіндік болатын болса, онда ол да пайдаланары анық. 

Ильинге қатысты әлі нақты шешім шығарылған жоқ. Мен оның ісіне байланысты отырыстың қашан болатынын да білмеймін. Бұл сауалмен Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы айналысып жатыр. Егер Ильинді де екі жылға шеттететін болса, ол да Токиодағы Олимпиадаға қатысады деп ойлаймын", - деді Ни. 

Айта кетейік, Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Майя Манеза мен Зульфия Чиншанлоны екі жылға спорттан шеттетсе, Светлана Подобедованы сегіз жылға спорттан аластатқан еді.. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама