Ильин жанкүйерлік танытқан ойында «Барыс» жеңіске жетті (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vesti.kz

Бірінші кезеңді Дастин Бойдтың соққан шайбасының нәтижесінде «Барыс» жеңіспен аяқтады. Екінші кезең нәтижелі өтті. Алдымен астаналық клуб сапынан Майк Ландин мен Константин Романов гол соқса, «Торпедо» қатарынан Артем Аляев пен Максим Осипов мергендігімен көзге түсті.

Үшінші кезеңді «Барыс» айқын жеңіспен аяқтады. Константин Пушкарев ойыншы басымдығын оңтайлы пайдаланса, ойын соңына қарай Дастин Войд нәтижені 5:2-ге жеткізді.

«Барыс» 19 қаңтар күні құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын өткізеді. Астанада Минскінің «Динамо» клубымен ойнайтын болады.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама