Иэн Гэрри Шавкатты неге соңына дейін қылқындыра алмады? - маман пікірі

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ globallookpress.com

Соңғы раундта Гэрри қазақстандық спортшыны қылқындыру әдісіне салып, тұншықтыра бастады. Алайда Шавкат Рахмонов қиын жағдайда қалса да, одан шығуға мүмкіндік тапты. Жекпе-жекте отандасымыз төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті. 

"Мен оны тұншықтыра алмайтынын білдім, себебі Шавкаттың өзі мықты әрі төзімді. Бұл бесінші раундта болды, сол себепті оны тұншықтыру мүмкін емес еді. Егер бұл екінші немесе үшінші раундта болғанда, Шавкатқа қиын болар еді. Бірақ бесінші раундта қарсыластар шаршаған болады. Егер қарсылас мықты болса, оны ауырту әдісімен жеңу қиын. Ал Шавкат мықты әрі төзімді. Мен оның жеңіске жететініне сенімді болдым", - дейді Багов Namys Fighting порталына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Шавкат өзінің мансабында алғаш рет жекпе-жекті төрешілер шешімімен аяқтады, ал Гэрри өз мансабында алғаш рет жеңіліс тапты.

Бастапқыда бұл турнирде Шавкат Рахмонов Белал Мұхаммадпен (24-3) кездесуі керек еді. Алайда UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Мухаммад денсаулығына байланысты жекпе-жектен бас тартты.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама