Хопкинс vs Шүменов кездесуі сәуір айының басты оқиғалары қатарында

Болат Қосмағамбет Корреспондент

30 жасар Бейбіт Шүменов пен 49 жастағы Бернард Хопкинс арасындағы кездесу 19 сәуір күні АҚШ астанасы Вашингтонда өтпек. Егер бұл кеште америкалық жеңіске жетер болса, ол бокс тарихындағы чемпиондық белбеулерді біріктірген кездесуде әлемнің абсолютті чемпионы атанған ең қарт боксшы мәртебесіне ие болмақ.  

«Кезінде Хопкинс өз салмағында әлемдегі ең беделді WBC, WBA, IBF және WBO тұжырымдары бойынша төрт бірдей алтын белбеуді иеленді. Ол оны орта салмақ дивизионында жүзеге асырды. Енді арада бірнеше жыл өткеннен кейін Хопкинс біршама салмақ қосып, өзінің қойған рекордын жартылай ауыр салмақта қайталап көрмек. Оған себепкер болған осы салмақ дәрежесіндегі WBA супер чемпионы, қазақ боксшысы Бейбіт Шүменов. Букмекерлердің пікірінше, бұл кездесуде Хопкинстің жеңіске жету мүмкіндігі жоғары. Дәлірек айтар болсақ, олар ардагер боксшының жеңісіне 2,5 коэффициент беріп отыр»,-делінген батыстық БАҚ беттерінде.

Айта кетейік, осыған дейін Бейбіт Шүменов осы айға жоспарланған кездесуде жеңіске жететіндігіне үміт білдірген болатын: «Қазіргі кезде Бернард ауыр салмақтағы үздік атлет саналады. Ал бұл өз кезегінде мен үшін өзімді әлемдегі ең мықты боксшы екендігімді дәлелдеуге берілген тамаша мүмкіндік. Менің мақсатым – осы салмақтағы барлық чемпиондық белбеулерді біріктіру».

Бернард Хопкинс те Бейбіт Шүменовтен қалыс қалмай, қарсыласына «өзінің шындығында аңыз боксшы екеніне көзін жеткізетінін» жар салды.  

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/RiBq7irLyYU","width":"450","height":"320"});

Сондай-ақ сәуір айындағы көпшілік күткен басқа да кездесулерге назар аударыңыздар:  

12 сәуір. Лас-Вегас, Невада. Мэнни Пакьяо (Филиппин, 55-5-2, 38 КО) – Тимоти Брэдли (АҚШ, 31-0-0, 12 КО);

12 сәуір. Лас-Вегас, Невада. Хабиб Аллахвердиев (Ресей, 19-0-0, 9 КО) – Джесси Варгас (АҚШ, 23-0-0, 9 КО);

12 сәуір. Эсбьерг, Дания. Дэвид Прайс (Англия, 16-2-0, 14 КО) – Ондрей Пала (Чехия, 33-4-0, 23 КО);

25 сәуір. Мәскеу, Ресей. Денис Лебедев (Ресей, 25-2-0, 19 КО) – Гильермо Джонс (Панама, 39-3-2, 31 КО);

25 сәуір. Мәскеу, Ресей. Эдуард Трояновский (Ресей, 17-0-0, 14 КО) – Ричар Абриль (Куба, 18-3-1, 8 КО);

26 сәуір. Оберхаузен, Германия. Владимир Кличко (Украина, 61-3-0, 51 КО) – Алекс Леапаи (Аустралия, 30-4-3, 24 КО);

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: powerlifter.ru

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама