Хопкинс Головкинмен жұдырықтасудан дәмелі

О Сансызбай Корреспондент

49 жастағы америкалық боксшының есімі бокс әлемінде қазақ жанкүйерлеріне де таныс. Сәуір айында Бейбіт Шүменовті «суперчемпион» атағынан айырған Бернард Хопкинс кезекті кездесуін қараша айында ресейлік Сергей Ковалевқа қарсы өткізгелі отыр. Жеңіске жететініне сенімді былғары қолғап шебері одан кейінгі жекпе-жегіне салмақ тастап, Геннадий Головкинді шақыруға үмітті екенін жасырмаған. Сонымен қатар, жерлесі Андре Уорд есімін де атапты. Алайда жерлесінен гөрі қазақстандық боксшымен жұдырықтасуды жөн көріп отырғанға ұқсайды.

Естеріңізге сала кетсек, Орта салмақтағы WBA (Super) және IBO чемпионы Геннадий Головкин (GGG) 27 шілде күні Нью-Йорктағы «Madison Square Garden» кешенінде Дэниэл Гилді үшінші раундта нокаутқа жіберіп, мезгілінен бұрын жеңіске жеткен еді. Осы жылы төрт кездесу өткізуді жоспарлаған қазақстандық боксшының келесі қарсыласы әлі анықталған жоқ.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: boxing.ru


Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама