"Холанд келеді". Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын қайда өткізетіні белгілі болды
Норвегиямен өтетін алғашқы ойынды Алматыда өткізуді жоспарлап отырмыз. UEFA-мен сәтті келіссөздер жүргізілді. Бізге нені түзеу керек екенін айтты. Біз төртінші категорияны алуымыз керек. Өзге матчтар жайлы айту әзірге ерте. Бірақ бірінші ойынды Алматыда өткізуге дайындалып жатырмыз, - деді маман.
Бұған дейін Қазақстан құрамасы стадиондардың талаптарға сай келмеуіне байланысты ойындарын өзге елде өткізуі мүмкін деген де ақпараттар тараған еді.
Ұлттар лигасындағы Қазақстан мен Норвегия арасындағы ойын 6 қыркүйек күні өтеді. Норвегтер сапында танымал футболшы Эрлинг Холанд өнер көрсетеді.