Хоккейшілер жаға жыртысқан ойында "Барыс" "Сібірден" тағы ұтылды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vesti.kz

"Сібір" "Барыстың" ыңғайсыз қарсыласына айналды. Бүгін өткен ойын да аса тартысты өткенмен, жеңіс мұз айдын иелеріне бұйырды.

Бірінші кезеңде "Сібір" хоккейшілері жылдам екі шайба соғып, алға шықты. Талғат Жайлауов пен Антон Сагадеев таразы басын теңестіргенмен, 20 минутта Ермаков мұз айдын иелерін қайта алға шығарып кетті.

Екінші кезеңде "Барыстың" басымдығы байқалды. Найджел Доус пен Линден Вейдің соққан шайбалары елордалық команданы алға шығарды. Алайда үшінші кезеңде "Сібірдің" хоккейшілері белсенді. Үш ретте ойыншы басымдығын ұтымды пайдаланып, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Ойын аяқталар тұста "Барыс" шабуылшысы Константин Пушкарев пен "Сібір" қорғаушысы Максим Игнатович жаға ұстасып, бір-біріне жұдырық сілтесті. Араға төрешілер түсіп, екі хоккейшіні 5 минут айып уақытымен жазалады.

"Барыс" келесі ойынын 25 қараша күні Қазанда "Ақ Барысқа" қарсы өткізеді.

"Сібір" — "Барыс" 6:4 (3:2, 0:2, 3:0) 

Шайбалар:

1:0 — 00:42 Санников (Энлунд). Тең құрамда
2:0 — 02:06 Сигарёв (Закриссон, Бергстрём). Тең құрамда
2:1 — 09:43 Жайлауов (Акользин, Пушкарёв). Ойыншы басымдығында
2:2 — 15:43 Сагадеев (Акользин, Савченко). Тең құрамда
3:2 — 19:12 Ермаков. Тең құрамда
3:3 — 28:47 Доус (Вей, Даллмэн). Ойыншы басымдығында
3:4 — 34:41 Вей (Даллмэн, Доус). Ойыншы басымдығында
4:4 — 43:59 Игнатович (Энлунд, Алексеев). Ойыншы басымдығында
5:4 — 54:38 Игнатович (Энлунд, Санников). Ойыншы басымдығында
6:4 — 56:06 Закриссон (Наумов). Ойыншы басымдығында

"Сібір": Красиков — Морозов, Воробьёв, Демидов, Алексеев, Игнатович, Верещагин, Ермаков, Наумов — Артёмов, Основин, Закриссон, Бергстрём, Энлунд, Бодров, Сигарёв, Санников, Первушин, Коньков, Левицкий, Шаров;

"Барыс": Карлссон 00:00-34:41, Салак 34:41-60:00 — Савченко, Шалапов, Семёнов, Полохов, Даллмэн, Диц, Липин, Орехов — Жайлауов, Доус, Вей, Никулин, Акользин, Старченко, Маркелов, Гурков, Пушкарёв, Сагадеев, Сен-Пьер, Шевченко.

Айып уақыты: 11:11 (2:0, 4:0, 5:11)

Төрешілер: Денис Бондарь, Сергей Гусев

22 қараша. Новосібір. ЛДС "Сібір". 6702 көрермен.  

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама