Хоккейден Қазақстан құрамасы Венгрияны жеңді

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vk.com

Будапешт мұз айдынындағы ойында есепті қазақстандық Евгений Рымарев ашты. Ал 51 минутта Қазақстан құрамасы мажарлықтарға 2:1 есебімен есе жіберіп жатты. Ойынның аяқталуына санаулы минуттар қалғанда Найджел Доус таразы басын теңестірді. Ал жеңіс шайбасын Брендон Боченский соқты.

Қазақстан құрамасы 1 мамыр күні Будпештте екінші жолдастық кездесуін өткізеді. Отандастарымыздың қарсыласы – Ресей құрамасы.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 6-22 мамыр аралығында Ресейдің Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларында өтеді. Отандастарымыз «А» тобында Ресей, Швеция, Чехия, Швейцария, Латвия, Норвегия және Дания құрамаларымен ойнайтын болады. Алғашқы ойынын 7 мамыр күні Швейцария құрамасына қарсы өткізеді. «А» тобындағы құрамалардың ойыны Мәскеуде өтеді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама