Хоккейден Қазақстан құрамасы Олимпиада жолдамасын иелене алмады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ olympic.kz

Топтағы шешуші матчта Қазақстан құрамасы Словакияға қарсы ойнады. Екі команда да D тобында алты ұпайдан жинап, Венгрия мен Австриядан басым түскен болатын. 

Олимпиада жолдамасы топта жеңіске жеткен командаға ғана беріледі. Бұл кездесуде 3:1 есебімен Словакия құрамасы жеңіске жетті. Қазақстан сапынан жалғыз шайбаны Никита Михайлис соқты. Осылайша Олимпиада ойындарына Словакия жолдама алды. 

Айта кетейік, аталған турнирде Қазақстан Венгрияны 5:2, Австрияны 2:1 есебімен ұтқан болатын.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама