Хоккейден 2020 жылғы әлем чемпионатына қатысатын барлық құрама белгілі болды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ ХК "Барыс"

Элиталық дивизионға алғаш болып жарыс иесі ретінде Швейцария құрамасы шыққан. Одан кейін Қазақстан құрамасы жолдама алды. Отандастарымыз Нұр-Сұлтанда өткен бірінші дивизиондағы әлем чемпионатында топ жарған еді. Сондай-ақ осы жарыста екінші орын алған Беларусь құрамасы да элиталық топта ойнайды.

Биылғы элиталық дивизиондағы жарыс қорытындысы бойынша Ұлыбритания, Германия, Дания, Италия, Канада, Латвия, Норвегия, Ресей, Словакия, АҚШ, Финляндия, Чехия және Швеция құрамалары өз орындарын сақтап қалды. Франция мен Австрия құрамалары бірінші дивизионға түсті.

Айта кетейік, 2020 жылғы элиталық дивизиондағы әлем чемпионаты 8-24 мамыр аралығында Швейцарияның Цюрих және Лозанна қалаларында өтеді. Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) топтағы құрамаларды Словакиядағы әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін жариялайды.

2020 жылғы әлем чемпионатында Беларусь және Латвия құрамалары сәтсіз ойнаса да, элиталық топта қалады. Себебі 2021 жылғы әлем чемпионаты осы екі елде өтеді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама