ХОК IBA-ны құрамынан шығарды. Қазақ боксы қайда барады?
Бұған дейін Лозаннадағы спорттық арбитраждық сот (CAS) IBA аппелляциясын қанағаттандырмаған еді. Cебебі ХОК бұл ұйымды 2019 жылдан бері ресми серіктес федерациялар қатарынан шығарған. Оған бірден бір себеп – басқарушылық, қаржы және этика мәселелерінде дұрыс реформа жүргізе алмауы және төрешілер бағалауында бұра тартушылықтың жиі кездесуі еді.
ХОК Токио Олимпиадасынан бастап боксты өздері ұйымдастыра бастады. Ал 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадаға бокс әлі енген жоқ. Тіпті IBA құрамындағы елдердің боксшылары Олимпиадаға қатыстырылмайтыны жайлы да хабарлады. Қазақстан бокс федерациясы IBA қатарынан шықпаса, келесі Олимпиадаға қатыса алмай қалуы бек мүмкін.
Осыған дейін Геннадий Головкин Қазақстан бокс федерациясын IBA-дан шығуға үгіттеп жатқанын айтқан еді.
Париждегі Олимпиада ойындарында бокс бәсекесі 27 шілдеден басталады. Мұны да ХОК-тың өзі ұйымдастырып жатыр.