Хижниченко «Корона» сапындағы алғашқы матчын сәтті өткізді
22 жасар қазақстандық футболшының жаңа клубы бірінші лигада өнер көрсететін польшалық «Сандецьямен» жолдастық кездесу өткізген еді. Матч 5:1 есебімен «Корона» пайдасына шешілді. Бірінші таймнан соң «Корона» 2:1 есебімен алға шығып үлгерді.
Ойынның алғашқы минуттарынан алаңға шығып, бірінші таймды толығымен өткізген Хижниченко 6-шы және 27-ші минуттарда көзге түсті. Айта кетейік, бұл матч Қазақстан құрамасының шабуылшысы үшін «Корона» қатарында өткізген үшінші, ал клубпен келісім-шартқа отырғаннан бергі алғашқы матчы саналып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, футболшының польшалық клубпен келісім-шарты 2014 жылдың аяғына дейін жасалған. Өскемендік «Востокта» тәрбиеленген Хижниченко «Коронаға» ауыспастан бұрын «Шахтер» қатарында 63 матч өткізіп, 24 голмен көзге түсті. Ал ұлттық құрама қатарында 23 кездесуде алаңға шығып, алты рет мергендігімен танылды.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: vesti.kz