Хальзова лицензиялық турнирде бір раунд та жеңілген жоқ - Бас бапкер
"Осы іріктеу турниріне бес қыз алып келдік. Ешбір қызымыз аянып қалған жоқ. Қолынан келгеннің бәрін жасады. Жеңілген боксшыларымыздың да өнеріне көңілім толды. Иә, үш спортшымызға лицензия бұйырмады. Тағы да айтамын, олар барын салды.
Енді Олимпиадаға алғаш рет үш боксшы қызымыз қатысайын деп отыр. Басты мақсатымыз – төртжылдық додасынан абыроймен оралу.
Назым Қызайбайға келер болсам, ол біз қойған тактиканы толығымен орындап шықты. Тіпті, шешуші жекпе-жектің соңғы раундында сол жақ тұрыспен бокстаса жөнелді.
Валентина Хальзова өте керемет жұдырықасты. Бұл турнирде ол бір раундта да жеңілген жоқ. Нағыз бабында. Енді біз осы үш қызымызды Олимпиадаға бабында апаруымыз керек. Сол үшін жұмыс істейміз. Бұл жалғыз менің емес, бүкіл команданың жұмысы болмақ", - дейді Қазақстан әйелдер командасының бас бапкері Елдос Сайдалин.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!