Халк «Боруссияға» ауысқысы келеді
Юрген Клопп командасының капитаны Себастьян Кель goal.com сайтына берген сұхбатында: «Халк менен жаздан бастап «Боруссияда» ойнауыма мүмкіндік бар ма деп сұрады. Өз кезегімде білмейтінімді айтып, мүмкін қымбат футболшы ретінде көз салып қалар деп жауап бердім», - деді.
Естеріңізге сала кетсек, кеше Чемпиондар Лигасының 1/8 финалы аясындағы алғашқы кездесуде «Зенит» өз алаңында «Боруссиядан» 2:4 есебімен жеңіліп қалған болатын.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: sport.news.am