Хакан Шүкір бағалы заттарын ФИФА мұражайына тапсырады

Еркебұлан Қайрахан Корреспондент

Футболшы 2000 жылы «Галатасарай» сапында УЕФА кубогын жеңіп алғанда киген спорттық формасын, аяқ киімдерін және 2002 жылы Әлем кубогында Оңтүстік Кореямен кездесуде киген форманы мұражайға беруді ойлап отырғанын айтты.

Айта кетейік, Хакан 2002 жылғы Әлем чемпионатында жарыс қожайыны Оңтүстік Корея қақпасына 11-ші секундта гол салып, ең жылдам соғылған голдың авторы атанған болатын. Одан бөлек ол – Түркия Суперлигасының тарихындағы ең үздік мерген ( 249 гол). Ұлттық құрама сапындағы рекорд та осы шабуылшыға тиесілі. Құрама сапында 51 голдың авторы атанған.

сурет: eurosport.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама