Хабиб Нурмагомедов қазақ баласымен доп тепті
"Бұл мен үшін үлкен сыйлық болды. Бірақ бұдан бөлек Хабиб Нурмагомедов секілді чемпиондардағы қасиеттерді – назар, қайырымдылық, мейірімділі және қарапайымдылықты бағалаймын. Ол маған уақыты мен назарын бөлді. Сол үшін оны құрметтеймін, бағалаймын және жақсы көремін. Оған тек жеңіс тілеймін!, - деп жазды Әли Тұрғанбеков Instagram парақшасында.
Сондай-ақ Хабиб Нурмагомедов жанкүйерлердің сұрағын жауап берді:
– Мансабым аяқталуға жақын. Бірақ келесі жекпе-жектен соң "болды, осымен қоямын" деген ой келген жоқ. Әлі мансабымды аяқтау туралы ойланып көрмедім. Жақында мықты қарсыласқа қарсы жұдырықтасамын. Бар ойым сол жекпе-жек туралы болмақ.
– Ертең кімге жанкүйер боласыз?
– Басты жекпе-жекте Дәурен Ермеков менің досым Артур Гусейновпен жұдырықтасады. Ең бастысы спортшылар жарақат алмаса болғаны. Мықты жеңіске жетсін. Басқа қазақстандық спортшылардың ішінен Игорь Свиридке жанкүйер боламын.
– Жекпе-жектен соң бабыңызға қалай келесіз?
– Қайта қалпың келудің ең жақсы әдісі - ұйқы. Жаттығулардың арасында ұйықтап алу қажет. Егер дұрыс демалмасаң қалпыңа келу қиын болады.
– МакГрегор сізбен қарымта жекпе-жек өткізгісіз келе ме?
– Қатарынан он жекпе-жекте жеңіске жетсін деп сәлемдеме жіберіңіздер.
– Қазақстандағы ММА жайлы не ойлайсыз?
– Сіздердің UFC-де спортшыларыңыз бар. Осыдан бес-алты жыл бұрын бұл бір мүмкін емес жағдай секілді көрінетін. Дегенмен әлі келісімшартқа отырмаған, бірақ UFC-де өзін көрсете алатын спортшылар бар. Қазақстан ММА дамып келеді.
– Қай жекпе-жегіңіз өзіңізге ұнайды?
– Жеңілуге құқығым болмаған жекпе-жек! МакГрегорға қарсы кездесу дер едім.