Хабаровскіде бес боксшымыз финалға өтті

О Сансызбай Корреспондент

Жартылай финалда 49 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғап жатқан Жомарт Ержан индонезиялық Вангуланг Корнелиустан басым түссе, 52 келіде Әділет Құрметов солтүстік кореялық Хук Чунг Кимді жеңді. 64 келіде Айдар Өмірзақов оңтүстік кореялық Хук Чунг Кимді уақытынан бұрын жеңсе, 75 келіде әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы да тәжік елінің үміті Хаум Азизовты мерзімінен бұрын тізерлетті. 81 келіде шаршы алаңға көтерілген Дәурен Елеусінов әзірбайжандық боксшы Рауф Рагимовқа басымдығын танытты. Енді ертең жартылай финалда жерлестеріміздің қатарынан төмендегі боксшылар жұдырықтасатын болады.

56 келі: Ержан Ордабаев – Турал Ахмедов (Әзірбайжан)
69 келі: Сағадат Рахманқұлов – Парвиз Багиров (Әзірбайжан)
91 келі: Антон Пинчук – Сергей Радченко (Украина)
+91 келі: Нұржан Бекзатов – Делавари Ясема (Иран)

17 елдің өкілдері бақ сынап жатқан додада жерлестерімізге сәттілік тілейміз!

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама