Гвардиола қалаған құрамада кімдер бар?

BAUKENTI ZHAQSYMBET Корреспондент
Фото ©️ smotrisport.tv

Тики-така тактикасын ойлап тауып, "Барселона" футбол клубына талай кубокты иелік етуге себепкер болған Хосеп Гвардиола Испания мен Германияның үздік командаларын жаттықтырған бапкер өз қақпасын "Бавариялық" Нойерге тапсыруды жөн деп санаған екен. Алаба, Пуйоль, Пике, Даниэл Алвес қорғаушы қызметін атқарса, одан артық тосқауыл да жоғы белгілі. Себебі бұл жігіттер каталониялық клуб пен мюнхен сабында ерекше көзге түсіп жүр.

Иньеста, Хаби Алонсо және Хави бүгінгі күнде қорғаныста да, шабуылда да есесін жібермейтін ойыншылар. Бір қызығы, африкалық Это'О Пептің көзіне ерекше түскен секілді. Себебі камерун ойыншысымен қатар доп теуіп, талай турнирде топ жарған Роналду мен Рауль, Фигу мен Роналдиньюлардың бұл тізімнен табылмауы таңданарлық жағдай. Ал осы бір жігітке аргентиналық сұрмерген Месси мен қызғалдақтар елінің мықты ойыншысы Арьен Роббен сенімді серік болды.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама