Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Станимир Стойлов Ұлттар лигасы аясында Грузия мен Андорраға қарсы ойнайтын ойыншылардың тізімін жариялады. Оған 23 футболшы енген. Ұлттық құрамаға Астана командасынан 10 футболшы шақырту алған. Қайраттан 8 ойыншы тізімге еніпті. Тобылдан 3 ойыншы шақырту алған. Олардың қатарында Украинадан келген қақпашы Дмитрий Непогодов та бар. Шымкенттің Ордабасы командасынан 1 ойыншыны тізімге қосқан. Сондай-ақ Ресейдің Уфа командасында ойнайтын Еркебұлан Сейдахмет бар. Қақпашылар:Ненад Эрич (Астана), Владимир Плотников (Қайрат), Дмитро Непогодов (Тобыл); Қорғаушылар:Сергей Малый, Евгений Постников, Дмитрий Шомко, Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко (барлығы - Астана), Гафуржан Сүйімбаев, Станислав Лунин (екеуі де - Қайрат), Дмитрий Мирошниченко (Тобыл); Жартылай қорғаушылар:Исламбек Қуат, Бауыржан Исламхан, Ян Вороговский, Магамед Парагульгов, Георгий Жуков (барлығы - Қайрат), Бактиер Зайнутдинов, Серикжан Мужиков (екеуі де - Астана); Шабуылшылар:Еркебұлан Тұңғышбаев (Ордабасы), Алексей Щеткин, Роман Муртазаев (екеуі де - Астана), Бауыржан Тұрысбек (Тобыл), Еркебұлан Сейдахмет (Уфа, Ресей). Құрамға өзгертулер енгізілуі мүмкін. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы алғашқы ойынын 6 қыркүйек күні Грузияға қарсы өткізеді. Ойын Астана Арена стадионында өтеді.