Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында грек-рим күресінен жарыстар аяқталды, деп хабарлайдыprosports.kz сайты. Аталған күрес түрінен Қазақстан құрамасы екі алтын, бір күміс, бір қола медаль алып (138 ұпай), жалпы командалық есепте екінші орынды иеленді. Ал 180 ұпай жинаған Иран құрамасы бірінші,135 ұпай жинаған жергілікті балуандар үшінші орынға тұрақтады. Грек-рим күресінен Қазақстан жасөспірімдер құрамасының нәтижесі: 55 келіДін-Мұхамед Қошқар - алтын65 келі Абдиазим Карабаев - алтын48 келіИсхар Курбаев - күміс45 келі Мақсат Ерманов - қола71 келі Вэйсал Эюбов - қола