Грек-рим күресінен Дәулет Тұрлыханов атындағы дәстүрлі турнир өтеді

О Сансызбай Корреспондент

Республикалық көлемде өтетін турнирде балуандар 10 салмақ дәрежесінде белдесетін болады. Дәулет Тұрлыхановтың құрметіне өтетін жарысқа жыл сайын ең білікті балуандар жиналып, боз кілемдегі айқастарда мықтылардың мықтысын анықтайды. Турнирге қатысу жас спортшылар үшін - өзін көрсетіп, халықаралық алаңдарға жолдама алу мен ірі жеңістерге дайындықтың керемет мүмкіндігі.

«Нағыз жекпе-жекті еркіндік сезімі бар жерде ғана сезінуге болады. Еркіндік сезімімен күрескен кезде ғана қаншалықты тәуекел ететініңді байқамайсың», - дейді Дәулет Болатұлы. Танымал балуан атындағы дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан дода да жылдан-жылға танымалдылығын арттырып келеді.  

Айта кетейік, Дәулет Тұрлыханов – грек-рим күресінде өнер көрсеткен кеңес және қазақстандық спорттың мақтанышы. КСРО еңбегі сіңген спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген жаттықтырушысы. 1989 жылғы әлем чемпионы, 1993 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 1988 жылғы Еуропа және 1995 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы, Олимпиада ойындарының күміс (1988) және қола (1992) жүлдегері. КСРО-ның сегіз дүркін чемпионы, әлем кубогының екі дүркін иегері, КСРО халықтары Спартакиадасының (1991), Азия ойындарының (1994) жеңімпазы. 

Сурет: db-turlykhanov.kz

Оқи отырыңыз

Қазақстан мен Ресей велоспортты бірлесе дамыту туралы меморандум орнатты

«Арландардың» АҚШ-та шаршы алаңға шығатын құрамы белгілі болды

Швециялық клуб Франциядағы әуе апатынан аман қалған

Бағы жанбай жүрген бапкерлер

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама